БҚО-да өрттен бір адам қаза тапты

Фотография - БҚО-да өрттен бір адам қаза тапты

Қазіргі кезде өрттің шығу себептері, келтірілген шығын мен кінәлі адамдар анықталу үстінде

385 0

2 желтоқсан күні сағат 03.49 шамасында Зеленов ауданы Мичурин ауылдық округіне қарасты Октябрь елді мекенінде тұрғын үй өртенді.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, өрттің жалпы аумағы 100 шаршы метрге жетті. Сөндірілгеннен кейін өрт орнынан 1951 жылғы зейнеткер О-ның мүрдесі табылды.

Қазіргі кезде өрттің шығу себептері, келтірілген шығын мен кінәлі адамдар анықталу үстінде.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде 753 өрт тіркелсе, соның 499-ы тұрғын үйде орын алды. Өрт салдарынан 10 адам қаза тауып, 25-і түрлі жарақат алды.


Тегтер:

өрт БҚО

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!