Алматы облысында ер адам өз әйелін тонаған

Фотография - Алматы облысында ер адам өз әйелін тонаған

Ұйғыр ауданында жергілікті полицейлерге өз күйеуіне шағымданған 38 жастағы Шонжы ауылының тұрғыны жүгінді

360 0

Ұйғыр ауданында жергілікті полицейлерге өз күйеуіне шағымданған 38 жастағы Шонжы ауылының тұрғыны жүгінді. Әйел оның 65 жастағы ері қарумен қорқытып, құжаттары мен 500 мың теңгесін алып қойғанын мәлімдеді.

Полицейлер бірден ден қойып, күдіктіні қолға түсірді, қазір ол Ұйғыр АІІБ тиісті айғақ беруде. 12-ші калибрлі «МЦ-21-12» қаруы ұсталған ер адамның атына тіркелген болып шықты. Қару тәркіленіп, іс материалдарына заттай айғақ ретінде қосылды.

Сот алды тергеу ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлігі (Қарақшылық) бойынша жүргізілуде.


Қазақпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!