15 жастағы қызды жезөкшелікке салған ақтаулық келіншек жаға ұстатты

Фотография - 15 жастағы қызды жезөкшелікке салған ақтаулық келіншек жаға ұстатты

Дегеніне жету үшін келіншек жеткіншекті есірткіге масайтқан.

1321 0

Ақтауда кәмелетке толмаған қыз баланы күштеп жезөкшелікке салған әйел қамауға алынды. Дегеніне жету үшін келіншек жеткіншекті есірткіге масайтқан.

Бұл туралы "Тумбаға" сілтеме жасап nur.kz хабарлайды.

1990 жылғы Ақтау тұрғыны Маңғышлақ станциясында пәтер жалдайды. Дәл осы пәтердің өзге бөлмесін 2000 жылғы жеткіншек жалдап тұрады. Пәтерақысына қаражат жеткізе алмаған әйел жеткіншекті пайдаланып ақшаға кенелуді көздеген.

"Азаматша қыз балаға есірткі беріп, қоқан-лоқымен күштеп жезөкшелікке салған. Клиенттерді өзі тауып отырған. Олардың арасында бойжеткеннің достары да бар. Алтыншы күні 2000 жылғы жеткіншек қашып үлгерген. Ол 28 қараша күні сағат 17:00-де полицияға хабар беріп, тәртіп сақшылары әйелді ізін суытпай құрықтады", – дейді Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметінің өкілі Шолпан Юлдашева.

Тұрғынның үстінен Қылмыстық кодекстің 134 бабы бойынша соталды тергеу жұмыстары басталды. Келіншектен ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!