Жүргізу құқығынан айырылған азамат мас күйінде 8 жасар баланы қағып кетті

Фотография - Жүргізу құқығынан айырылған азамат мас күйінде 8 жасар баланы қағып кетті

Зардап шеккен оқушы облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

224 0

Павлодар ауданы Ефремовка ауылында мас күйінде "БМВ" маркалы автокөлігін басқарған 26 жастағы азамат сегіз жастағы ұлды қағып кетті. 

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, жол апатына айыпты жігіт бұған дейін биылғы жылдың тамыз айында мас күйінде темір тұлпарды басқарғаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырылған.

Қазіргі таңда Павлодар қаласының тәртіп сақшыларымен  мас жүргізушіге қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы, бірінші бөлігі - "көлік құралын жүргізуші адамның жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу, абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орта ауырлықтағы зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Айыпталушы жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан көлік басқарғаны және жол-көлік оқиғасына қатысы  үшін қатаң жазаға кесілуі мүмкін, - делінген хабарламада.

"Апаттық медицина орталығы" мекемесі Павлодар облыстық филиалы басшысының орынбасары, дәрігер Анатолий Морозовскийдың айтуынша, жол апатынан зардап шеккен жеткіншек облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Айта кетерлігі, жыл басынан бері Павлодар облысының жолдарында 868 жол-көлік оқиғасы орын алып, 88 адам ажал құшқан. Былтырғы жылы тіркелген 928 жол апаты салдарынан 83 адам көз жұмса, 1221 адам түрлі жарақат алған. Оның ішінде мас күйінде көлік тізгіндеген жүргізушілердің кесірінен болған 35 жол апатында 11 адам мерт болса, 45-і жарақаттанған, деп жазады pavlodarnews.kz.     


Тегтер:

Павлодар БМВ

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!