Шымкентте бала көз жұмған ЖКО-ға кінәлі шартты мерзіммен құтылуы мүмкін

Фотография - Шымкентте бала көз жұмған ЖКО-ға кінәлі шартты мерзіммен құтылуы мүмкін

ЖКО салдарынан жетінші баласынан айырылған көп балалы ананы "Алтын алқа" наградасынан айырған

395 0

Жетінші баласының ЖКО-да қайтыс болғаннан кейін "Алтын алқа" наградасынан айырылған көп балалы ана шымкенттік Дильбар Шукурова, оның 10 жасар қызының өліміне кінәлі Нуриддин Оңғарбаев шартты мерзім ғана алады деп қауіптенуде. Әйелдің айтуынша, қазір сот апатқа қыз кінәлі болды деген нұсқаны қарастыруда, деп жазады Today.kz.

Көп балалы ананың сөзінше, ЖКО туралы ол көршісінен естіген. Оқиға орнына барған ол қызының асфальт үстінде жатқанын көрген.

"Қасында көлік тұрды, ішінен үш адам – жігіт пен екі қыз шықты. Олардың ешбірі қызыма жақындап, еш көмек бермеді. Жігіт бірден біреуге қоңырау шалды, біраздан соң оған бір көлік келді де, ол қылмыс орнынан жасырынды", - дейді Дильбар Шукурова.

Әйелдің айтуынша, көлікте тағы бір жолаушы отырған және ол жол полициясының қызметкері болағн-мыс. Ол да қызға алғашқы көмек көрсетпеген. Оның орнына ол көліктен мемлекеттік нөмірлерді шешіп, оқиға орнынан қашпақ болған.

Ата-анасы жедел жәрдемді тоспай, қызды өздері ауруханаға жеткізген. Таңғы төртте қыз бала есін жимаған күйі қайтыс болған.

Қылмыстық іс қазірде ОҚО-ның Еңбекшіқазақ ауданының сотында қарастырылуда.

"Мен оған мерзім беріп, өз ісі үшін жазаланғанын қалаймын. Бірақ, ол құтылып кетеді деп қауіптенем, өйткені ол талай рет істі болып, бәрін шартты түрде берген. Бұл адам отыру керек. Тағы қанша адам оның қолынан зардап шегу керек?" – деп налыйды көз жұмған қыздың анасы.

Оның айтуынша, қазір бесінші сот отырысы өтуде, ал айыптаушы жақтан куәгерлер әлі шақырылмаған, қорғаушы жақтың куәгерлері ғана сұралған. Жүргізушінің адвокаттары оның кінәлі еместігін айтады. Олардың нұсқасы бойынша, қыздың өзі кінәлі, ал сотталушы қызға барлық қажетті көмекті көрсеткен дейді.

"Қазір менің баламды айыптауда, ол өзі кінәлі деп. Алайда, қаққан адам қарсы жолаққа шығып кеткен және үлкен жылдамдықпен жүрген", - дейді Дильбар Шукурова.

"Алтын алқа" наградасына қатысты даулы жайт туралы айта отырып, көп балалы ана бұл жағдайды әкінің өзі бақылауға алам дегеніне қарамастан, әлі ештеме өзгермегенін хабарлады.

Естеріңізге салсақ, ЖКО 2015 жылдың 15 тамызында Шымкентте болған. Mersedes көлігінің 24 жасар жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашқан. Кейін ол ұсталып уақытша қамау абақтысына жабылған.  Оның үстінен ҚР ҚК екі бабы "ЖЖЕ бұзу және көлік құралын пайдалану ережесін бұзу" және "Оқиға орнынан жасырыну" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Қылмыстық іс Еңбекшіқазақ ауданының сотына тапсырылған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!