Алматыда жыл басынан бері 54 қылмыстық қарақшылар тобы ұсталды

Фотография - Алматыда жыл басынан бері 54 қылмыстық қарақшылар тобы ұсталды

Алматыда жыл басынан бері қарақшылық шабуылдар өткен жылмен салыстырғанда - 21,5 пайызға азайған

319 0

Алматыда жыл басынан бері қарақшылардың 54 қылмыстық тобы мен тонауме айналысқан 118 топ жойылды. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінен хабарлады. 

Сонымен қатар, Алматыда жыл басынан бері қарақшылық шабуылдар өткен жылмен салыстырғанда - 21,5 пайызға азайып, бұл қылмыстардың ашылу деңгейі - 13,4 пайызға өскен. Ал тонау - 15,8 пайызға азайып, бұл қылмыстардың ашылу деңгейі - 4,6 пайызға өсті. Аталған мерзімде қарақшылық шабуылмен айналысқан 54 топ және тонаумен айналысқан 118 топ әшкереленді. 

"Еске сала кетелік, биылғы жылдың наурыз айында Алматының Бостандық ауданында кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасалды. Сауда үйінің бірінде қарақшылар оның ірі сомада ақша салынған сөмкесін заңсыз иеленген. Бұл қылмысқа қатысушылар бір тәулік ішінде ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Тағы бір жұртты елең еткізген қылмыс, бір ұйымның қызметкерлеріне қатысты жасалды. Үстіміздегі жылдың 8-ші мамырында Алматының Наурызбай ауданында бір компанияның қызметкері өлтіріліп, 9 млн. теңгеге жуық ақша ұрланды. Бұл қылмысты үш ер адам жасаған. Күдіктілер бұл іске мұқият дайындалған. Олар компания қызметкерлерінің жүру бағыттарын зерттеген. Ақшаны инкассалау барысында арнайы мамандандырылған күзет шақырылмайтынын білген. Осылайша, шабуыл салдарынан компанияның бір қызметкері 64 жастағы ер адам ауыр жараланып, көп ұзамай көз жұмды. Сондай-ақ, қылмыс барысында шабуылдаушылардың "ОСА" травматикалық тапаншаны пайдаланғаны белгілі болды. Жедел тергеу шаралары барысында осы қылмысқа қатысушылардың барлығы ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды", - деді Алматы қ. ІІД Криминалды полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Жанболат Зиадин.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!