Бір тәулік ішінде Қазақстанның көші-қон заңдылығын бұзған 28 адам ұсталды

Фотография - Бір тәулік ішінде Қазақстанның көші-қон заңдылығын бұзған 28 адам ұсталды

Ұсталғандардың барлығының құжатында көші-қон полициясының тіркеуі жоқ болып шықты

166 0

Өткен тәулік ішінде мемлекеттік шекарамыздың әртүрлі бөлігінде еліміздің көші-қон заңдылығын бұзған 28 адам ұсталды, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен. 

Олардың барлығының құжатында көші-қон полициясының тіркеуі жоқ болып шықты. Кейбір азаматтардың біздің елімізде заңсыз жүргендеріне бір айдан асып кеткен.

Атап айтқанда, Сарыағаш шекара отрядына қарасты "Қапланбек - авто" бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары (қазақ-өзбек шекарасы) 3-ші желтоқсан күні 16 сағат шамасында жүргізген рейд барысында Өзбекстандық 3 азаматты ұстады, олардың біздің елімізде заңсыз жүргендеріне 35 тәулік болған.

Ұсталғандар негізінен Өзбекстан және Ресей азаматтары, барлығы ҚР Әкімшілік-құқықбұзушылық Кодексінің 517-бабына сәйкес әкімшілік жазаға тартылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!