Қайтыс болғын студентінің ағасы көпшіліктен көмек сұрады

Фотография - Қайтыс болғын студентінің ағасы көпшіліктен көмек сұрады

Қаза болғанның фотосымен бірге жарияланған жазба "ВКонтактедегі" "За тебя, Бәке" парақшасында қалдырылған.

371 0

Әлеуметтік желіде өзін ҚазҰТУ-да өлтірілген студенттің ағасы ретінде таныстырған Арай Баймендінің жазбасы пайда болды. Бұл туралы nur.kz хабарлайды.

"Фотода Жақсылықов Самұрат Тұңғышбайұлы. Ол 2015 жылдың 30 қарашасында курстасы Тілек Текішевтің қолынан қаза тапты. Олар Алматыдағы Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дің 4 курс студенттері. Екеуі бөлісе алмаған сәтте кітапханада болған. Тілек Текішев (айыпталушы) Самұратты әжетханаға шақырып, арадағы кикілжіңді шешпек болған", – делінген хабарламада.

"Әжетханада туындаған төбелес барысында Тілек Текішев пышағын алып, соққы жасады. Таныстарының айтуынша, бұл пышақты Текішев тастамай өзімен алып жүретін. Пышақтың жүзі күретамырды кесіп кеткен. Біраздан кейін (бірнеше минут) Самұрат есінен танып қалды, ал Текішев қорыққаннан пышағын әжетхананың терезесінен лақтырып жіберді. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем 18 минуттан кейін келіп жеткен. Ал сол уақытта ЖОО-ның медпунктінде ешкім болмаған. (Оқыс жағдай күндізгі сағат үштерде болған)", – деп оқиғаның егжей-тегжейін баяндады автор.

"Айыпталушы әзірге өз кінәсін мойындап отыр. Қорғаушы жанжалға Самұраттың өзі кінәлі екенін дәлелдеуге тырысуда. Кей мәліметтерге сәйкес, Текішевтің әлеуетті құрылымдарда туысқандары бар. Ал әкесі бұрынғы заң қызметкері", – деп жалғастырды Арай.

Автор оқиғаға бей-жай қарамайтындардан көмек сұрады.

"Біз айыпталушының байланыстары салдарынан іс жабылып қалады деп күдіктенудеміз. Мен қаза болған Самұрат Жақсылықовтың ағасымын. Бей-жай қарамайтындардың бәрінен бұл хабарламаны бүкіл желілерде таратуға көмектесулеріңізді сұраймын. Сіздер өте үлкен көмек жасар едіңіздер. Алдын ала рақмет! Арай Байменді", – деп қорытындылады ол.

Жазбаға пікір қалдырушылар қаза болған студенттің фотоларын жариялаған.

"Ол өмірден осылай кетіп қалуы мүмкін емес тым жақсы жігіт болғанын түсініңіздерші…", – деп жазған Самұраттың достарының бірі.

Әзірге расталмаған ақпаратқа сәйкес, төбелеске қатысқандардың бірі Алматыдан болса, екіншісі – Қостанай тумасы деп хабарлайды 31 арна.

Еске салсақ, 30 қараша күні Әл-Машани атындағы Жоғары технологиялар мен орнықты даму инстутитуның 4 курс студенттері арасында жанжал туындап, бір студент қаза болған.

Қаланың ІІД баспасөз қызметі факті бойынша соталды тергеу жұмыстарын бастағанын мәлімдеді. Күдікті уақытша оқшаулағышқа қамалған.

Университетте бұл жағдайды тергеу үшін арнайы комиссия құрылып, жоғары оқу орнының басшылары мен қызметкерлері тиісті жазаларын алатын болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!