Алматы облысында жоғалып кеткен қыздың туыстары экстрасенстерден көмек сұрады

Фотография - Алматы облысында жоғалып кеткен қыздың туыстары экстрасенстерден көмек сұрады

20 жасар Айзада Авлотарованы іздеу әлі еш нәтиже бермеді

1558 0

Алматы облысында жоғалып кеткен 20 жасар студент Айзада Авлатарованың туыстары экстрасенстерден көмек сұрады, деп жазады Today.kz. қызды бірнеше күн бойы нәтижесіз іздеп келеді. 3 желтоқсанда сағат 12 шамасында ол Іле ауданы Жетіген ауылындағы үйінен оқуға баруға шығып кеткен. Қыз бала жолай таксиге мінген, содан бері ол туралы еш хабар жоқ.

"Біз экстарсенстер мен тәуіптерге бардық. Олар оны бір үйде ұстап отырғанын айтады", - дейді жоғалып кеткен қыздың әпкесі Гульзара Зарелова. Алайда, қыздың туыстары оны үйлену үшін алып қашқан жоқ деген ойда. "Жоқ, бұл версия жоққа шығады, өйткені ондай кезде адамдар үш күн ішінде хабар беруі керек, қазір төртінші күн. Оның үстіне, соңғы телефон сөзі тыңдалды, ол жолда курстасымен сөйлескен. Ол таксидің басқа бағытқа кеткенін айтқан. Сол кезде телефон өшіп қалады", - дейді қыздың ағасы Руслан Тохтиев, сонымен бірге, қызда IPhone-ның соңғы моделі болғанын атап өтті.

Туыстарының айтуынша, Айзада Авлатарова 25 километр жердегі Өтеген батыр ауылына оқуға күнделікті жолай таксимен баратын. Қыз бала экономика мен құқық колледжінің екінші курсында, экономист мамандығында оқиды.

Туыстарының сөзінше, полицейлер қыз бала отырған көлікті әлі анықтай алмаған. "Олар іздеп, қарастырып жүр, алайда таба алмауда. Жолдағы камералардың бәрі бұлдыр, түсініксіз. Ол таксиге отырған уақытта анық емес. Ол уақытта мың көлік өткен", - дейді Руслан Тохтиев. 

Ал, Алматы облысының ІІД қыздың ізделіп жатқанын, алайда, әзірге нәтиже жоқтығын айтады. "Барлық мүмкін нұсқалар қарастырылуда. Оның орналсқан орнын анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", - дейді Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі жетекшісінің қызметін атқарушы Шолпан Жайсанова.

Қыздың туыстарынан белгілі болғандай, іздеуге Алматы қаласының да полицейлерін тарту көзделген. Қыздың туыстары қандай да бір мәлімет бере алатын адамдарды телефону 8 708 926 34 17 немесе 8 708 527 75 11 телефоны бойынша хабарласуды өтінеді. Жоғалып кеткен күні Айзада Авлатарова қара балонды куртка мен көк джинсы киген болатын, мойнында қызыл шарфы болған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!