СҚО-да үйден өрт шығып, 3 адам мерт болды

Фотография - СҚО-да үйден өрт шығып, 3 адам мерт болды

Оқиға орнына дереу өрт сөндірушілер жеткенімен адам өмірін құтқарып қала алмады

263 0

СҚО Аққайың ауданы Смирново орталығында жеке үй отқа оранып, 3 адам қаза тапты. Бұл туралы облыстың ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

"2015 жылғы 6 желтоқсанда сағат 07.05-те СҚО Аққайың ауданы №9 өрт бөлімінің кезекші диспетчеріне Смирново орталығында саманнан салынған 1 қабатты жекеменшік үйдің өртеніп жатқаны жайлы хабарлама түсті. Оқиға орнына дереу  өрт сөндірушілер жетті. Жеке құрамнан 4 адам және бір техника тартылды. Олар келген бетте   екі бөлменің бірі жанып жатқанын  анықтады. Жалынның 07.26-да беті қайтып, 08.27-де толықтай ауыздықталды.  Өртті сөндіру кезінде үш адамның мүрдесі табылды, 1956 жылғы ер адам, екі 1975 жылы туылған ер адам және әйел", делінген хабарламада.

Үйдегі ағаш еден, төсек орындар өртеніп кетті, жалын 3 шаршы метрді шарпыған.

Себебі мен материалдық шығын анықталуда.


Тегтер:

өрт СҚО

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!