Талдықорғанда пәтер тонаған қылмыстық топ ұсталды

Фотография - Талдықорғанда пәтер тонаған қылмыстық топ ұсталды

Олардың келтірілген шығыны 2 миллион теңгеге бағаланып отыр

172 0

Кербұлақ ауданынан облыс орталығына келген 25-30 жастағы үш ер адам қамауға алынды.

Олар Талдықорғанда жекеменшік үйге түсіп, бөтен мүлікті қолды еткені үшін күдікті деп танылуда. Келтірілген шығын 2 миллион теңгеге бағаланып отыр.

Келеңсіз жайт осы жылғы 4 қазанда тіркелді. Ұрылар пластикалық терезені бұзу арқылы  үйге кіріп, 5,5 мың доллар, фото, видео аппаратураны, зергерлік бұйымдар мен түрлі заттарды жымқырып кеткен. Заттардың бірқатар бөлігі ұсталған адамдардың бірінің үйінен табылды.

Тергеу жүргізілуде.  ІІБ  олардың басқа қылмысқа қатыстылығының бар-жоғын анықтауда.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!