Танысын тонағаны үшін оралдық тұрғынның мүлкі тәркіленіп, өзі үш жылға сотталды

Фотография - Танысын тонағаны үшін оралдық тұрғынның мүлкі тәркіленіп, өзі үш жылға сотталды

Сотталушы өзінің таныс әйелді пышақпен қорқытып, алтын алқасын жұлып алған

183 0

Орал қалалық сотының үкімімен В.Чирков ҚР ҚК 192-бабы 1-бөлігімен айыпты деп танылып, мүлкін тәркілеумен бірге үш жылға бас бостандығынан айырылды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сотталушы биылғы қыркүйекте өзіне таныс әйелді пышақпен қорқытып, алтын алқасын жұлып алған. Сосын ұрланған бұйыммен оқиға орнынан бой тасалаған.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 


Тегтер:

БҚО сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!