ҚазҰТУ студентін өлтірді деген күдікті екі айға қамауға алынды

Фотография - ҚазҰТУ студентін өлтірді деген күдікті екі айға қамауға алынды

23 жасар күдікті шешімді осы күннің соңына дейін қайта қарауға шағымдана алады

678 0

Алматыда Қ. И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ студенті Самұрат Жақсылықовты өлтірді деген 23 жасар күдікті екі айға қамалды, деп жазады Today.kz Алматы қаласы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Тұтқындауға санкцияны аудандық сот берді.

"1992 жылы туған Текешев Т 2015 жылдың 2 желтоқсанында №2 Бостандық ауданының соты санкциясымен тұтқындалды. Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ. Бүгін кешке дейін оның шешімді қайта қарастыруға мүмкіндігі бар", - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Естеріңізге салсақ, Алматыда 30 қарашада ҚазҰТУ аумағында студентті өлтіріп кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, төртінші курс студенттері арасында кітапханада кикілжің туған. Кейін 21 жасар Самұрат Жақсылықовтың өлі денесі оқу орнының дәретханасынан табылды. Ол пышақ жарақаттарынан көз жұмған. Полицияның ақпаратынша, өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүруде. Күдікті уақытша қамау изаляторына жабылды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінде ҚазҰТУ басшылығы тергеу уақытында қызметінен босатылмады. Университет студенттің денесін жеткізу мен оны жерлеуге қажетті қаржы бөлген. Самұрат Жақсылықов Алматыға Қостанайдан келген.

Мұның алдында, көз жұмған студенттің достары ол туралы ойларымен бөліскен. Олардың айтуынша, Самұрат конфликтті адам емес еді және төбелесті бірінші болып бастауы мүмкін еместін.

КТК арнасы, Самұрат Жақсылықовтың туыстары өлімге кінәлі жазадын құтылып кетеді деген қауіпте екенін хабарлаған. Өзін қаза болған жігіттің ағасы деп таныстырған Абай Байменді атты азамат арнаға күдікті Тілек Текешевтің мықты туыстары тергеуге бөгет болады деп хабарлаған. Баймендінің айтуынша, Текешевтің әкесі бұрындары прокуратурада қызмет атқарған және ҚР ҰҚК-де де туыстары бар.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!