"Қарағанды -Жезқазған" күре жолында екі автобус соқтығысты

Фотография - "Қарағанды -Жезқазған" күре жолында екі автобус соқтығысты

Жол-көлік оқиғасы кезінде ішінде 25 жолаушысы бар автобус оң жаққа аударылған

302 0

Екі қоғамдық көліктің соқтығысу жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.

7 желтоқсан күні "Қарағанды -Жезқазған" тас жолында Ақтас кентінің маңайында "Шахтинск -Қарағанды" бағытында жүретін қоғамдық көлік алдын ала болжам бойынша көліктің басқаруына ие бола алмай қалып, қарсы бағытта келе жатқан сол бағытта жүретін автобустың бүйірінен соққан. Жол-көлік оқиғасы кезінде ішінде 25 жолаушысы бар автобус оң жаққа аударылған. Апат салдарынан жолаушылардың бірі жарақат алып, оған медициналық көмек көрсетілді.

Жол көлік оқиғасы кезінде екі автобуста 47 жолаушы болған, деп хабарлайды Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінен. 

 


Тегтер:

ЖКО

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!