Алматы облысының тұрғынынан 2 кг героин тәркіленді

Фотография - Алматы облысының тұрғынынан 2 кг героин тәркіленді

Қарасай ауданында есірткі саудасымен айналысты деген күдікпен ер адам ұсталды

324 0

Облыстық ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Қарасай ауданында есірткі саудасымен айналысты деген күдікпен ер адамды ұстады.

Жедел шара бірнеше күнге созылды. Нәтижесінде Жамбыл ауданының тұрғыны Қаскелең қаласында 2,96 грамм героинді сату кезінде қолға түсті.  Белгілі болғандай, ол бұрын да есірткі сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Тінту кезінде құқық қорғаушылар салмағы 1 кг 897 грамм болатын затты анықтады. Сараптама көрсеткендей, ол героин болып шықты.

Аталған факт бойынша сот алдындағы тергеу басталды. Ұсталған азамат Қарасай аудандық ІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.  

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!