Бота Жұманованы соққыға жыққан күдікті: "Мен қыздарды шатастырдым"

Фотография - Бота Жұманованы соққыға жыққан күдікті: "Мен қыздарды шатастырдым"

Айыпталушы Өркен Мырзахан Бота Жұманованы "қателесіп" ұрғанын айтады.

254 0

Алмалы ауданының №2 сотында журналист Бота Жұманованы соққыға жығуға байланысты сот отырысы өтті. Сотталып отырған 22 жасар Өркен Мырзахан, деп жазады Today.kz. Алматы облысының тумасына 191-баптың 2-тармақшасы "Тонау" мен 24-баптың 3-тармағының 1-тармақшасы "Қылмысқа дайындалу мен оны жасамақ болу" бойынша айып тағылуда.

Сотталушы кінәсін толық мойындап отырған жоқ. Ол кафеде дөрекі сөйлеген қыздың сазайын бермек болған. Мырзаханның сөзінше ол "қателесіп" Бота Жұманованы ұрған. "Ол күні мен Алматыға Жаркенттен келгенмін. Кешкісін кафеге барғанмын. Мен жалғыз болдым. Қызбен танысқым келді, бірақ, ол бас тартты да, менің арыма тиетін сөздер айтты. Мен оны аңдымақ болдым, алайда, шатастырып алдым", - дейді айыпталушы.

Зардап шегуші мен оның адвокаты бұған сенбейді, сотталушының қорғаушылары оның жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр деген ойда. Дәлел ретінде олар Мырзаханның мұның алдында тонау мақсатында әрекет еткенмін деген куәлігін келтіруде.

Мырзаханның күрес және бокспен айналысатыны белгілі болған. Орташа заң білімі бар. Қазіргі кезде жұмыссыз. Кейбір мәліметтер бойынша, ол отбасындағы жалғыз бала.

"Ол жас қой, қателік жасады", - деп түсіндіруге тырысты болған жайды оның әкесі.

Мұның алдында Өркен Мырзахан екі ер адамды соққыға жыққаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!