Алматыда жезөкшелік үшін ұсталғандар арасында ер адам да бар

Фотография - Алматыда жезөкшелік үшін ұсталғандар арасында ер адам да бар

Өткен демалыс күндері құқық қорғау органдарына жалпы 113 жезөкше жеткізілді

1318 0

Алматыда жезөкшелік үшін бір түнде 42 адам ұсталған. Олардың барлығы тұлғасын анықтау үшін полицияға жеткізілді, деп жазады Today.kz қаланың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Ведомстводан хабарлағандай, ұсталғандар арасында 26 жасар бір еркек болған.

"Ұсталғандар арасында бір жас жігіт болды. Олардың барлығы қоғамдық орындарда жабысу мен қаланы көрікті ұстау ережелерін бұзғаны үшін, нақты айтқанда қоқыс лақтырғаны үшін әкімшілік жазаға тартылды. Сонымен бірге, мұнда белгіленбеген орындарда темекі шегу, тыныштықты бұзу мен қоғамдық орындарда алкогольді ішімдік ішу фактілері де көп", - деп хабарлайды Алматы ІІД Ұймдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Танат Назанов. 

Белгілі болғандай, ұсталған ер адам трансвестит болып шықты, ол жоғарыдағы суретте бар(бойшаң, сары шашты қыз).

Өткен демалыс күндері құқық қорғау органдарына жалпы 113 жезөкше жеткізілді, олардың 39 Абай даңғылы бойында, 74 Сейфулин бойындағы кафелерде қызмет көрсеткен.

Сонымен қоса ҰҚҚКБ жезөкшелікпен айналысатын қыздардың жиі ауыр құқық бұзушылықтар да жасайтынын атап өтті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!