Полиция жоғалып кеткен алматылық қыз мінген көлікті анықтады

Фотография - Полиция жоғалып кеткен алматылық қыз мінген көлікті анықтады

Қызды іздеуге ізкесер иттері бар кинологтар мен еріктілер қатысуда

921 0

20 жасар студент қыз Айзада Авлотарованы Қапшағай жаққа алып кеткен болуы мүмкін көлік анықталды. Қыз бала 3 желтоқсаннан бері жоғалғандар санатында, деп жазады Today.kz Алматы облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Қазіргі кезде жоғалып кеткен қыз отыруы мүмкін көлік анықталды. Іле ауданы ІІАБ қызметкерлері мен еріктілері елді мекендердің айналасын – Жанарна, Мичурин, Әли және маңайдағы саяжайлар аумағын қарады", - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Сонымен бірге, жоғалып кеткен қыздың жүріп өткен жолы Жетігеннен Қапшағайға дейінгі сыртқы бақылау камералары қаралды.

Қазіргі кезде, медециналық және оқу мекмелері, интернет-кафелер, әуежайлар, темір жол және авто вокзалдар тексерілуде. Таныстар да сұралуда, куәгерлер іздестірілуде, деп хабарлады полициядан.

Естеріңізге салсақ, Алматы облысында еріктілер мен туыстары полициямен бірігіп, бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен 20 жасар студент қыз Айзада Авлотарованы іздеуде. Қыз бала 3 желтоқсан күні Іле ауданының Жетіген ауылынан Өтеген батыр ауылына колледжге бара жатып жоғалып кеткен.

Қыздың туыстары қандай да бір мәлімет бере алатын адамдарды телефону 8 708 926 34 17 немесе 8 708 527 75 11 телефоны бойынша хабарласуды өтінеді. Жоғалып кеткен күні Айзада Авлатарова қара балонды куртка мен көк джинсы киген болатын, мойнында қызыл шарфы болған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!