Түркістандық студент өзін өзі өртеген

Фотография - Түркістандық студент өзін өзі өртеген

Жігіт денесінің 90 пайызын күйік шалған

720 0

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласындағы оқу орындарының бірінің студенті өзін өртеді. Жігіт денесінің 90 пайызын күйік шалған, деп жазады Today.kz ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"2015 жылдың 7 желтоқсанында сағат 23:00 шамасында Түркістан қаласы ІІБ кезекші бөліміне аудандық ауруханадан оларға денесін күйік шалған 20 жасар азамат жеткізілгені туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер, 1995 жылы туған азамат оқу орындарының бірінде студент екенін анықтаған. Берілген факт СДТБТ-ға ҚР ҚК 105-бабы "Өзін өлтіруге дейін жеткізу" бойынша тіркелді", - делінген хабарламада.

Зардап шегушінің 45 жасар әкесінің сөзіне қарағанда, сол күні кешкісін үйде отырып, ол иттің үргенін естіген. Аулаға шыға сала ол ұлының өртеніп жатқанын көріп, бірден көммекке ұмтылған. Өртті өшіріп, оны ауруханаға жеткізген.

Әкесінің айтуынша, отбасында бәрі дұрыс еді, жігітті мұндай қадамға итермелейтіндей жақындары мен айналасы арасында еш кикілжің болмаған.

Қазіргі кезде полицейлер оқиғаның мотиві мен жай-жапсарын анықтауда.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!