Оқ-дәрі тасымалдаған тұрғынның екі жылға бас бостандығы шектелді

Фотография - Оқ-дәрі тасымалдаған тұрғынның екі жылға бас бостандығы шектелді

Тексеру барысында оның жеке заттары салынған сөмкесінен оқ-дәрі табылған

185 0

Тасқала аудандық сотының үкімімен ҚР азаматы А.Жигалин ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі, 24-бабы 3-бөлігі - 286-бабы 1-бөлігімен айыпты деп танылып,  ҚР ҚК 58-бабы 2-бөлігі негізінде оған мүлкін тәркілеусіз 2 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы белгіленді.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, А.Жиганов Семиглавый Мар бекетінде №8 "Мәскеу-Алматы" бағытындағы жолаушылар пойызына шекара бақылауын жүргізу барысында ұсталған. Тексеру барысында оның жеке заттары салынған сөмкесінен оқ-дәрі табылған. Сараптама қорытындысына сәйкес аталмыш оқ-дәрі мылтықтан атуға арналған "Parabellum" зауыттық өнімі болып шыққан.  


Тегтер:

сот БҚО

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!