Астанада ереже бұзған ADM нөмірлі "Гелендваген" жүргізушісі куәлігінен айырылады

Фотография - Астанада ереже бұзған ADM нөмірлі "Гелендваген" жүргізушісі куәлігінен айырылады

Полицейлер жүргізушіні ұстады

348 0

Жол жүру ережесін дөрекі бұзған мемлекеттік 026 ADM нөмірлік белгісі бар Mercedes-Benz G500 Gelandewagen көлігінің жүргізуші анықталды және ұсталды. Бұл туралы Today.kz-ке Астананың ІІД ӘПБ баспасөз қызметі хабарлады.

"Оған қатысты Әкімшілік бұзушылықтар кодексінің 596-бабының 3-тармақшасы "Жолдың қарсы бетке арналған жолағына шығып кету" бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды, материалдар шешім шығару үшін сотқа жолданды.

Естеріңізге салсақ, Ғаламторда 026 ADM мемлекеттік нөмірлік белгісі бар Mercedes-Benz G500 екі түзу сызықты қиып, жолдың қарсы бетіне шыққан бейнеролик жарияланған болатын. Бір апта ішінде Желіде ADM сериялы мемлекеттік нөмірі бар екі көліктің құқық бұзғаны бейнеленген екі ролик жарияланған.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!