Павлодарда көп қабатты үйдің кіре берістегі козырегі опырылып түскен

Фотография - Павлодарда көп қабатты үйдің кіре берістегі козырегі опырылып түскен

Үй үш жыл бұрын мемлекеттік тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша жөнделген

318 0

Павлодардағы көп қабатты үйлердің бірінде кіре берістегі бетонды козырек құлап қалған. Оқиға таңертең ерте орын алған. Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген, деп жазады Today.kz.

Үй тұрғандарының сөзінше, плита 7:30-да опырылып түскен, әдетте бұл уақытта ата-аналар балаларын балабақшаға апарады. Куәгерлердің айтуынша, плита құлағандағы шу бүкіл үйге жаңғырған. Бағаналарымен бірге құлаған плита шыға беріс есікті бөгеп тастаған. Нәтижесінде адамдар жұмысқа кешіккен. ТЖ орнына келген құтқарушылар оны жылжытып, есікті ашқан.


Үйдің мемлекеттік тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасына үш жыл бұрын қатысқаны белгілі болды. Мердігер тоғыз миллион теңгеге төбе мен жертөлені жөндеген. Алайда, сметада үйді толық жөндеу көрсетілген екен дейді тұрғындар. Адамдар кредитті 10 жыл бойы төлейді.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!