Өзін өртеген түркістандық әкесінен кешірім сұраған

Фотография - Өзін өртеген түркістандық әкесінен кешірім сұраған

Жігіт "Музыкалық білім" мамандығы бойынша төртінші курста оқиды. Отбасын құрған.

811 0

Өзін өртеу актін жасаған Түркістанның 20 жасар тұрғыны Ахмет Ясауи атындағы Хылқаралық Қазақ-Түрік университетінің төртінші курсында оқыпты, деп жазады Today.kz. Жігіт "Музыкалық білім" мамандығы бойынша оқыған. Бұл туралы оқу орнының ұйымдастырушылық және әлеуметтік-мәдени істерінің вице-президенті Бақытжан Мұхаметжанов хабарлады.

Мұхаметжановтың айтуынша, зардап шегуші – тәртіпті және белсенді студент.

"Ол үнемі белсенді, дәріске үнемі келетін. Шығармашылыққа жақын. Курстастарымен жақсы қарым-қатынаста. Ержан ақылы бөлімде емес, университет оған квота бөлгенін атап өту керек. Менің ойымша, ТЖ абайсызда болды. Біз бәріміз ол үшін алаңдаулымыз", - дейді Бақытжан Мұхаметжанов.

Оның сөзінше, Ержан Сапархан қазіргі кезде есін сақтап, сөйлесіп те жатыр. Ата-анасы қасында, ауруханада. Ол отбасында жалғыз емес, одан бөлек тағы бір ұл мен бір қыз бар.

Today.kz тілшісіне белгілі болғандай, өзін өртеген жігіт ауруханаға жатқызылар алдында: "Кешіріңіз" деген. Ол әкесінен кешірім сұраған. Жігіт отбасын құрған екен, бала күтіп отыр. Айналасындағы адамдардың айтуынша Ержанның отбасылық қиыншылықтары болмаған.

Тұркістан ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Хамза Досжановтың айтуынша, жігітте үшінші-төртінші дәрежелі күйіктер. Оның хәлі ауыр деп бағалануда.

Естеріңізге салсақ, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында студент өз ауласында өзін өртеген. Оны әкесі көріп қалған. Әкесінің айтуынша, отбасында бәрі дұрыс және ешқандай кикілжің болмаған. Полицейлер оқиғаның себебі мен анығын анықтауда.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!