Ақтөбе облысында екі ауыл әкімі қызметінен босатылды

Фотография - Ақтөбе облысында екі ауыл әкімі қызметінен босатылды

Ар-намыс Кодексін бұзғаны үшін Қобда ауданы Қызылжар селолық округінің әкімі А. Нәкешке қатаң сөгіс жариялау ұсынылды.

270 0

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі департаментінің тәртіптік кеңес отырысының қорытындысы бойынша екі ауылдың әкімі қызметінен босатылды.

Ар-намыс Кодексін бұзғаны үшін Қобда ауданы Қызылжар селолық округінің әкімі А. Нәкешке қатаң сөгіс жариялау ұсынылды.

Шенеунік еңбекпен қамтылу мәселесі бойынша оның қабылдауына келген ауыл тұрғыны, 3-топтағы мүгедек Н.Ботбаевпен арада дау тууына жол берген.

2015 жылы 3 қарашада Жаңаталап ауданы Жаңаталап селолық округінің әкімі  С.Р. Жұмақұлов мас күйінде еш себепсіз селолық округі әкімі аппаратының техникалық жұмысшысы Ж.У Әділованы балағаттаған.

2 желтоқсанда Қобда ауданы әкімінің өкімімен А. Нәкеш пен С.Жұмақұлов қызметінен босатылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 8 желтоқсанда облыс әкімінің өкімімен қызметтік міндетін абыроймен атқара алмағандықтан Темір ауданының әкімі Б.Қаниевке қатаң сөгіс жарияланғаны жөнінде хабарлады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!