57 тонна ұнтақты шекарадан заңсыз алып өтуге тырысқан жүргізушілер ұсталды

Фотография - 57 тонна ұнтақты шекарадан заңсыз алып өтуге тырысқан жүргізушілер ұсталды

Қазақстаннан Ресейге кетіп бара жатқан Қазақстан азаматы көліктеріне тиелген жүктерін ілестірме құжатсыз алып өтуге әрекеттенген

191 0

 Ақтөбе шекара отрядына қарасты "Әлімбет-авто" бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары салмағы 57 тонна болатын ұнтақты заңсыз алып өтуге тырысқан жүргізушілерді ұсталды.

Атап айтқанда, 2015 жылдың 9-желтоқсаны күні 22 сағат 30 минут шамасында "MAN" автомашинасын мінген 1974 жылы туылған Қазқстан азаматы Құмбасов И, 2 бірдей "КамАЗ" жүк көліктерін мінген Ресей Федерациясының азаматтары - 1978 жылы туылған Кемерболатов Б. пен 1984 жылы туылған Бадиев Т. қолға түсті. Көліктеріне салмағы 57 тонна болатын хромды-шпинді ұнтақ (порошок) артқан азаматтардың Қазақстаннан Ресейге кетіп бара жатқандықтары анықталды. Олар көліктеріне тиелген жүктерін ілестірме құжатсыз алып өтуге әрекеттенген.

Қазіргі уақытта олар бақылау-өткізу бекетінде, ұстау бойынша материалдарды ҚР ҚК 196 бабының 1 тармағына сәйкес Ақтөбе облысының кіріс департаментіне беру жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!