Павлодарда жеңіл жүрісті қыз қонақ үйде бизнесменді тонап кетті

Фотография - Павлодарда жеңіл жүрісті қыз қонақ үйде бизнесменді тонап кетті

Павлодарда шамамен түнгі сағат бірде Франция елінің 35 жастағы азаматы полицияға қонақүйден әмияны ұрланғаны туралы шағым түсірген

858 0

Павлодарда Франция компаниясы директорының әмиянын ұрлады деген күдікпен жеңіл жүрісті бойжеткен ұсталды.

Павлодарда шамамен түнгі сағат бірде Франция елінің 35 жастағы азаматы полицияға қонақүйден әмияны ұрланғаны туралы шағым түсірген. 
Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, тәртіп сақшылары ізін суытпай ұрлық жасады деген күдікпен 23 жастағы бойжеткенді құрықтаған.
"Қолды болған әмиянның ішінде 33 мың теңге мен жеке басын куәландыратын құжаттар болған. Ұсталған азаматшаға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі - "ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деп жазылған хабарламада.
Сенімді дереккөзге сүйенсек, зардап шеккен азамат – "ФудМастер" компаниясы павлодарлық филиалының директоры, деп хабарлады pavlodarnews.kz сайты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!