18 литр сүт ұрлаған әйел істі болмақ

Фотография - 18 литр сүт ұрлаған әйел істі болмақ

№ 1 сүт-тауар фермасынан 18 литр сүт пен 3 келі алюминий сымы ұрланған

257 0

Шортанды ауданында 18 литр сүт ұрлаған 49 жастағы әйел қолға түсті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне жергілікті шаруашылықтардың бірінің өкілі хабарласып, № 1 сүт-тауар фермасынан 18 литр сүт пен 3 келі алюминий сымы ұрланғанын айтып шағымданған. 

Осыған байланысты жүргізілген жедел-іздестіру шарасы барысында Шортанды ауданы Раевка ауылының 49 жастағы тұрғыны әйел қолға түсіп, кінәсін толық мойындады.

Қазіргі кезде күдіктінің үстінен ҚР ҚК 187 бабының 1 бөлімі бойынша (ұсақ ұрлық жасау) қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралып жатыр.


Тегтер:

ұрлық сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!