Алматы облысында Айзада Авлотарова мен оны ұрлаушыны іздеу күшейтілді

Фотография - Алматы облысында Айзада Авлотарова мен оны ұрлаушыны іздеу күшейтілді

Айзада Авлотарованың жоғалу фактісі бойынша ҚР ҚК 125-бабы "Адам ұрлау" бойынша қылмыстық өндіріс ашу туралы шешім қабылданды

1367 0

Тәулік бойы жұмыс істеп келе жатқан жедел-іздестіру тобы іздеу ауқымын кеңейтті, деп жазады Today.kz Алматы облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Іздеушілер айналадағы елді мекендер мен олардың маңдарын да қарауда.

"Жоғалған қызды іздеуге Іле, Кербұлақ, Талғар, Қарасай, Жамбыл аудандары мен Қапшағай қаласынан 350 полиция қызметкері жұмылдырылған. Іздеу операциясына Ұлттық ұлан жауынгерлері және азаматтық тұлғалардан жасақталған еріктілер де тартылған, олардың ішінде кұштік құрылымдардың арнайы жасақ ардагерлері ассоциациясының мүшелері де бар", - деп хабарлады ІІД-нен.

Полиция түрлі нұсқаларды қарастыруда. Сонымен бірге, Айзада Авлотарованың жоғалу фактісі бойынша ҚР ҚК 125-бабы "Адам ұрлау" бойынша қылмыстық өндіріс ашу туралы шешім қабылданды.

Облыстық ІІД, құқық қорғау органдарына қажетті ақпарат беріп, қызды іздеуге септігін тигізіп жатқан тұрғындарға алғыс білдіреді. Осы куәгерлердің көмегімен қызды ұрлауы мүмкін ер адамның тұлғасы анықталды. Полицейлер қызды ұрлауы мүмкін деген, бірнеше рет істі болған ер адамды іздеу мен ұстау шараларын қолға алды.

Шаралар барысы ҚР ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында.

Естеріңізге салсақ, Алматы облысында еріктілер мен туыстары полициямен бірігіп, бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен 20 жасар студент қыз Айзада Авлотарованы іздеуде. Қыз бала 3 желтоқсан күні Іле ауданының Жетіген ауылынан Өтеген батыр ауылына колледжге бара жатып жоғалып кеткен.

Қыздың туыстары қандай да бір мәлімет бере алатын адамдарды телефону 8 708 926 34 17 немесе 8 708 527 75 11 телефоны бойынша хабарласуды өтінеді. Жоғалып кеткен күні Айзада Авлатарова қара балонды куртка мен көк джинсы киген болатын, мойнында қызыл шарфы болған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!