"Маған бәрібір, мен өзімді сата беремін" - Алматыдағы жезөкшелерді анықтау рейді

Фотография - "Маған бәрібір, мен өзімді сата беремін" - Алматыдағы жезөкшелерді анықтау рейді

Полицейлер бір түнде елу адамды ұстаған.

1423 0

Today.kz  тілшілері Алматыда жекзөкшелікпен айналысушыларды анықтау рейдіне қатысты. Нәтижесінде 50-ден астам жезөкше ұсталды.

"Бүгінде бізге ІІД-нен притондарды анықтау мен жезөкшелік қызмет көрсететін тұлғаларды анықтауға төрт топ бөлінген. Бүгін Түркісіб ауданының ІІАБ-не тұлғасын анықтау, олармен алдын алу шарасын өткізуге жеңіл жүрісті 50 қыз әкелінді, сондай-ақ, осы тұлғаларға қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 449-бабына сәйкес әкімшілік протоколдар толтырылды. Приондар орналасқан ғимараттарды анықтаудамыз, Сейфулин даңғылын бақылайтын тәуліктік наряд жұмыс істеуде", - дейді учаскелік инспектор Еркін Алжынбаев.


Учаскелік инспектордың айтуынша, ол "таныс бет-бейнелерді көрді". ІІАБ-ге келген сайын қыздар жаңаша бір тарих ойлап табады.

"Бір жыл бұрын менің анам жүрек талмасынан қайтыс болды, енді жер бетінде мен сыйлайтын және ұялатын адам қалмады. Маған бәрібір, мен өзімді сата беремін. Мен үміт үздім, мені басқа жұмысқа алмайды, өйткені білімім мен жұмыс тәжірибем жоқ", - дейді Жанна.


Притондар жеке үйлерде, пәтерлерде, қонақ үйлерде ұйымдастырылады. Жезөкшелер мен клиенттерден жауап алынғаннан кейін, әдетте, ғимараттардың әкімшілігі мен жалға алушылары жазаға тартылады. Айыппұл көлемі 100 ОАК, немесе 198 мың теңге.

"Мен түсік жасатуға ақша жинаудамын. Бала көтеріп қалдым, бірақ, босанғым келмейді, өйткені асырап-баға алмаймын. Бұл салада жүргеніме 15 жыл болды, бұл ми батпақ. Мені кім әйелдікке алады дейсің", - дейді Санда.

Ұсталғандардың ең жасы 1997 жылы туған. Оның аты нақты белгісіз, "түнгі көбелек" өзін Лаурита деп атауын сұрады. Лаурита жүкті болғанына бес ай толыпты.

Полицейлер қыздардың түрлі айла ойлап табатынын, соның ішінде өздері мен жақындары туралы ойдан құралған тарихын баяндайтынын ескертті.



 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!