Алматы облысында жоғалып кеткен Айзада Авлотарова табылды

Фотография - Алматы облысында жоғалып кеткен Айзада Авлотарова табылды

facebook/@Константин Авершин

Қыз бала Тұрар саяжайының аумағынан табылған

1875 0

 

Алматы облысының полицейлері жоғалып кеткен Айзада Авлотарованы тапты, деп жазады Today.kz Алматы облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қыз бала аман-сау, қазіргі кезде Қапшағай қаласының ІІҚБ-не жеткізілді.

Қыз баламен бірге ІІҚБ-ға оны ұрлауға күдікті ер адам да жеткізілді. Полицейлер одан сұрау алуда. Айзада Авлотарованың туыстарына оның орналасқан жері хабарланды.

Айзада Авлотарованың жоғалу фактісі бойынша ҚР ҚК 125-бабы "Адам ұрлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Сонымен бірге,  еріктілердің бірі  Константин Авершин WhatsApp желісіндегі ортақ чатта "Полиция қызметтерін атқарып жатыр. Бұл жолы тапты. Сүйінші. Психолог қажет", -  деп жазған болатын. Қолда бар ақпарат бойынша қыз бала Тұрар саяжайы аумағынан табылған.


 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!