Полиция алматылық студентті ұрлаушыдан зардап шегуі мүмкін адамдарды іздеуде

Фотография - Полиция алматылық студентті ұрлаушыдан зардап шегуі мүмкін адамдарды іздеуде

Ер адам алматылық студент қыз Айзада Авлотарованы ұрлады деп күдіктелуде

614 0

Алматы облысының полициясы бір аптадан кейін шоктық жағдайда табылған студент қыз Айзада Авлотарованы ұрлау ісін тергеуде азаматтардан жәрдем беруге өтініш білдірді. Қандайда бір ақпарат болса кезекші бөлімге хабарласуын өтінеді, деп жазады Today.kz ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ведомстводан хабарлағандай, 20 жасар Айзада Авлатарованы ұрлау бойынша ҚР ҚК 125-бабы "Адам ұрлау" бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл қылмысқа негізді түрде бірнеше рет істі болған 1970 жылға Алматы қаласының тумасы Токарев Игорь Анатольевич айыпталуда, ол ұсталып, уақытша қамау абақтысына тоғытылған.

"Игорь Токаревтің қылмысқа немесе заң бұзушылыққа қатысы туралы қандайда бір ақпараты бар, немесе одан зардап шеккендер болса Алматы облысының ІІД кезекші бөліміне хабарласуын сұраймыз: 8 (7282) 60-80-07, немесе Іле ауданы ІІАБ – 8 (72752) 2-04-01, WhatsApp - 8 707 922 32 33", - делінген хабарламада.

Естеріңізге салсақ, 20 жасар студент Айзада Авлотарованы бірнеше күн бойы Алматы облысынан іздеді. Қыз бала 3 желтоқсан күні Жетіген ауылынан Өтеген батыр ауылына колледжге бара жатып жоғалып кеткен. Қыздың туыстары іздеуге экстрасенстерді тартқан.

Today.kz тілшісі қыз бала оқу орнына бара жатып телефон арқылы тілдескен досымен әңгімелесті, сонымен бірге, оқу орнының меңгерушісімен кездесті. 20 жасар стулдент қызды жауапты топ старостасы ретінде сипаттаған болатын. Кейін, Айзада Авлотарованы Қапшағай жаққа алып кетуі мүмкін деген көлік анықталғаны белгілі болды. Тәулік бойы жұмыс істеген жедел-іздестіру топтары іздеу аумағын кеңіткен болатын.

Бір аптадан кейін алматылық студент Айзада Авлотарованы нашар психикалық жағдайда табылды. Онымен бірге Қапшағай полициясына ұрлауға күдікті Игорь Токарев жеткізілді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!