Алматылық студент қызды ұрлаушыны Ұлттық ұлан тұтқындаған

Фотография - Алматылық студент қызды ұрлаушыны Ұлттық ұлан тұтқындаған

Қызды ұрлауға күдіктіні ұлттық ұланның сарбаздары мен кинолог мамандар біріге ұстаған

798 0

Алматы облысында бір аптадан кейін табылған 20 жасар студент қыз Айзада Авлтарованы ұрлауға күдікті Игорь Токаревті бірінші болып Ұлттық ұлан сарбаздары ұстаған, осы арқылы Айзада Авлотарованың орналасқан жері анықталған, деп жазады Today.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Кинолог маман кіші сержант А.М. Әлімбетов, қатардағы Т.М. Нұрхан және қатардағы Б.М. Бинұр құрамындағы жедел мақсаттағы ротасының әскери жасағы лейтенант Р.М. Сердалиновтың жетекшілігімен Алматы облысы Қапшағай қаласының маңындағы "Заря Капшагай" саяжай кооперативінде жедел-іздестіру іс-шараларын атқару барысында қыздың жоғалуына күдікті Токарев Игорь Анатольевичті анықтап оны ұстады, соның арқасында із-түзсіз жоғалып кеткен Авлатарова Айзада Әлімжанқызының қайда екенін анықтады"- делінген хабарламада.

Естеріңізге салсақ, 20 жасар студент Айзада Авлотарованы бірнеше күн бойы Алматы облысынан іздеді. Қыз бала 3 желтоқсан күні Жетіген ауылынан Өтеген батыр ауылына колледжге бара жатып жоғалып кеткен. Қыздың туыстары іздеуге экстрасенстерді тартқан.

Today.kz тілшісі қыз бала оқу орнына бара жатып телефон арқылы тілдескен досымен әңгімелесті, сонымен бірге, оқу орнының меңгерушісімен кездесті. 20 жасар стулдент қызды жауапты топ старостасы ретінде сипаттаған болатын. Кейін, Айзада Авлотарованы Қапшағай жаққа алып кетуі мүмкін деген көлік анықталғаны белгілі болды. Тәулік бойы жұмыс істеген жедел-іздестіру топтары іздеу аумағын кеңіткен болатын.

Бір аптадан кейін алматылық студент Айзада Авлотарованы нашар психикалық жағдайда табылды. Онымен бірге Қапшағай полициясына ұрлауға күдікті Игорь Токарев жеткізілді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!