Павлодарда "Макаров" тапаншасымен қаруланған ер адам ұсталды

Фотография - Павлодарда "Макаров" тапаншасымен қаруланған ер адам ұсталды

Жол-патрульдік қызмет жасағы ер адамды сауда үйлерінің бірінен байқаған

167 0

Павлодарда полицейлер "Макаров" тапаншасымен қаруланған жас жігітті ұстады, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.

Жол-патрульдік қызмет жасағы ер адамды сауда үйлерінің бірінен байқаған. Оны тексеру барысында тапаншаға ұқсас зат және 5 патрон табылып, тәркіленді. Сарапшылар оны "Макаров" маркалы тапанша деп анықтады.

Ұсталған ер адам қамауға алынды, ҚР ҚК 287-бабы бойынша сот алды тергеу жүргізілуде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!