Алматы облысында мектепте әйел адам полиция қызметкеріне күш қолданды

Фотография - Алматы облысында мектепте әйел адам полиция қызметкеріне күш қолданды

Мектеп инспекторы агрессия танытқан әйелді жақын полиция бөліміне жеткізді

347 0

Талғар қаласындағы мектептердің бірінде директордың кабинетінде шу шығарған әйел өзін тыныштандырмақ болған Талғар АІІД ювеналдық полициясының инспекторына күш қолданды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл оқу мекемесінің полиция капитаны шеніндегі мектеп инспекторы ашуға булыққан әйелді ақылға келтіріп, мектептен шығармақ болған. Алайда ол полиция қызметкеріне қол жұмсаған.

Мектеп инспекторы агрессия танытқан әйелді жақын полиция бөліміне жеткізді.

Қазіргі кезде Талғар АІІД-нің қызметкерлері ұсталған әйелге қатысты ҚР ҚК-нің 380-бабы ("Билік өкіліне қатысты күш қолдану") бойынша сот алдындағы тергеу амалдарын бастады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!