ОҚО трассасында үш жүк көлігі соқтығысты, жапа шеккендер бар

Фотография - ОҚО трассасында үш жүк көлігі соқтығысты, жапа шеккендер бар

19 жастағы Алматы облысының тұрғыны алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды

386 0

ОҚО трассасында үш жүк көлігі соқтығысты.

Апат Алматы-Термез-Ташкент жолында орын алды, деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметінен.

Түнде "Хово" жүк көлігінің жүргізушісі жол жиегінде тұрған "Вольво" жүк көлігіне соғылды.  Қатты соққыдан "Вольво" жақын тұрған жаяу жүргіншіге қарай сырғыды.  Алынған жарақаттар салдарынан 19 жастағы Алматы облысының тұрғыны оқиға орнында көз жұмды. Жаяу жүргіншіні соққан "ольво" "Ман" жүк көлігіне де соғылды.

26 жастағы "Хово" жүргізушісі соқтығысу салдарынан жарақаттанып, оны Шымкенттегі ауруханаға жеткізді.  Аталған факт бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сот алдындағы тергеу жүргізіліп жатыр.  Бірқатар сараптама тағайындалды. 


Тегтер:

ЖКО ОҚО

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!