Таразда теміржолдың аралық электр стансасы жанып кетті

Фотография - Таразда теміржолдың аралық электр стансасы жанып кетті

Жалын 50 шаршы метрді шарпыды. Зардап шеккен адам жоқ.

329 0

Таразда  теміржолдың аралық электр стансасында болған өрттің себеп-салдары тексеріліп жатыр, деп хабарлады Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметінен. 

"Өрттің шыққаны туралы хабар бүгін 11: 55-те түсті", деп түсіндірді ведомоство өкілі Сәуле Мұнатаева. - Байзақ батыр көшесінде, "Жамбыл" стансасының көлік паркі аумағында кәсіпорынның бірқатар электр желілеріне қызмет ететін  трансформатордың бірі жанып кеткен. Жалын 50 шаршы метрді шарпыды. Зардап шеккен адам жоқ.

 Тілсіз жау 12:27-де ауыздықталды. Өртті сөндіруге 48 адам және 8 техника, сондай-ақ шұғыл-құтқару қызметінің 4 адамы мен бір техникасы тартылды, деп нақтылады Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінен.

Тегтер:

Тараз өрт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!