Сот жала жапты деп айыпталған "Радиоточка" тілшісін ақтады

Фотография - Сот жала жапты деп айыпталған "Радиоточка" тілшісін ақтады

Сергей Ким толықтай ақталды.

409 0

"Радиточка.kz" тілшісі Сергей Кимді ақтайтын сот үкімі шықты, ол  Scat әуекомпаниясының басшылығына жала жапты деп айыпталған болатын. Бұл туралы Today.kz тілшісіне айыпталушының қорғаушысы Джохар Утебеков мәлімдеді.

"Ол толықтай ақталды. Мемлекет тарапынан одан ресми түрде кешірім сұрады. Scat әуекомпаниясының тарапынан процесске жұмсалған шығынды (шамамен 300 мың теңге) өндіріліп берілді",- дейді заңгер.

Scat заңгерлері сот үкімі шығарылған процесске қатыспады.

Естеріңізге сала кетейік, мұндай жайттың орын алуына Сергей Кимнің мақаласы түрткі болған, ол мақалада "Scat жарты жыл бойы әлемдегі ең қауіпті әуе компания қатарында",  деген. Әуе компанияда тілші осы аталған мақаласымен Scat-тың абыройына нұқсан келтіріп, жұртшылық  билеттерді жаппай қайтарып "айтарлықтай қаржылай шығындар" келтіргенін алға тартқан.

Ертеректе "Радиоточка.kz" медиапорталының бас редакторы Бекжан Ыдырысов мәлімдеме жасаған болатын. Ол өз сөзінде қателік анықталған бетте өзгертулер енгізілгендігін айтқан. Сонымен қатар портал  әуекомпаниясына сайт бетінде өз пікірін білдіруге мүмкіндік берген.

Сот екі жақтың мәмілеге келуіне уақыт берген. Алайда әуекомпания өкілдерімен тілші біржақты ұстанымға келе алмаған. Сергей Ким, сот алдында өз кінәсінің жоқтығын айтқан.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!