Оқушы қыз ата-анасын пышақтап тастады

Фотография - Оқушы қыз ата-анасын пышақтап тастады

Аса ауыр қылмыс жасау үшін қызға оның 18 жастағы досы көмектескен.

440 0

Мәскеу түбіндегі Истра қаласында 15 жастағы оқушы қыз ата-анасымен жанжалдасып, соңынан әкесін пышақтап өлтірген, анасын да жарақаттапты. Аса ауыр қылмыс жасау үшін қызға оның 18 жастағы досы көмектескен. Бұл туралы Лента.ру Мәскеу облысының тергеу басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 16 желтоқсан күні кешкісін 46 жастағы әкесі қызымен жанжалдасып қалады. Салдарынан 15 жастағы қызы өзінің жігітіне қоңырау шалады. Телефонмен сөйлесу кезінде екеуі пәтердегі барлық тұрғындарды өлтіруге сөз байласады: әкесін, анасын және үлкен әпкесін.
"Туған-туыстарының ұйықтауға жатқанын күткен қыз түнде сүйіктісіне есікті ашық қалдырып, соңынан екеуі бірігіп ата-анасына шабуыл жасайды. Ал үлкен әпкесіне шабуыл жасап үлгермеген", - деп хабарлады ведомство. Болар іс болған соң күдіктілер оқиға орнынан іздерін суытады.
Қыздың әкесі 30 рет жасалған пышақ жарақатынан оқиға орнында жан тапсырды. Анасы ес-түссіз күйде арқасындағы пышақ жарақатымен пәтерден табылған, абырой болғанда дәрігерлер өміріне араша түсіп, аман алып қалды.
17 желтоқсан күні кешкісін мектеп оқушысы мен оның досы кінәсін мойындап, полицияға өздері келген. "Адам өлтіру" ісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!