Алматы облысының тұрғыны жалған өсек таратқаны үшін 3 жылға түрмеге кесілді

Фотография - Алматы облысының тұрғыны жалған өсек таратқаны үшін 3 жылға түрмеге кесілді

Сот отырысында айыпталушы өзінің кінәсін толық мойындады.

154 0

Жамбыл аудандық соты қылмыс жасалғаны туралы жалған өсек таратқаны үшін М.Гекпарчаларға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Алматы облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам Жамбыл АІІБ-іне өзіне пышақ алып жүгіріп, тонаушылық шабуыл жасаған, "Айфон-5" маркалы ұялы телефонын иеленген, сондай-ақ "Метраск" ЖШС-ға тиесілі 620 мың теңге ақшасын тартып алған белгісіз екі адамға қатысты шағым түсіріп, шара қолдануды сұрады.

Сот алдындағы тергеу барысында М.Гекпарчалар 2015 жылғы қазан айында Алматы қаласындағы букмекерлік компанияда өзіне жауапты сақтауға берілген "Метраск" ЖШС-ның 620 мың теңге сомасындағы ақшасын ұттырған. Бұл фактіні жасыру мақсатымен М.Гекпарчалар Жамбыл аудандық сотына өзіне шабуыл жасады-мыс деген өтірік шағым түсірген.

Сот отырысында ол өзінің кінәсін толық мойындады.

Сот үкімімен М.Гекпарчалар ҚР ҚК-нің 3-бөлімі 419-бабы бойынша (өз пайдасына қылмыс жасалды деген көрінеу өтірік өсек тарату, адамдарды ауыр қылмыс жасады деп айыптау) айыпты деп танылды. Оған 3 жылға бас бостандығынын айыру, жазаны жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу түрінде жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!