Астана маңында ер адам үсіп өлген

Фотография - Астана маңында ер адам үсіп өлген

Ол туралы екі таулік бойы еш хабар болмаған

177 0

46 жасар шаруа қожалығы жұмысшысының үсіп қалған денесі 20 желтоқсан күні Астана маңынан табылды, деп жазады Today.kz Ақмола облысының ІІБ баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнара Пинчукке сілтеме жасай отырып. Ер адамды екі күн бойы іздеген.

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, 18 желтоқсан күні сағат 20:00 шамасында, ер адам снегоходқа отырып Ақмола облысының Астрахан ауданы Петровка ауылынан шығып кетіп, 20 желтоқсанға дейін ол туралы еш хабар болмаған. Іздеу тобы үсіп қалған ер адамның денесін аталған ауылдан 17 км жерден 20 желтоқсанда ғана тауып алған. Медециналық сараптама тағайындалды.

Сонымен бірге, 19 желтоқсанда облыста тағы бір ер адам жоғалып кеткен болатын, оны тірідей тапты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!