Ақкөлде жекеменшік үйде болған өрттен 2 адам зардап шекті

Фотография - Ақкөлде жекеменшік үйде болған өрттен 2 адам зардап шекті

Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары ММ-нің жеке құрамынан 7 адам және 2 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды

274 0

Ақкөл қаласында жекеменшік тұрғын үйде болған өрттен 2 адам зардап шекті. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

 "Өрт 20-шы желтоқсан күні сағат 13:15 минут шамасында Ақкөл қаласындағы Сенная көшесінің бойындағы жекеменшік тұрғын үйде болған. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД "Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары" ММ-нің жеке құрамынан 7 адам және 2 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. 

Өрттен 1948 жылғы әйел (2-3 дәрежелі) мен 1939 жылғы ер адамның (1-2 дәрежелі) денесін күйік шалып, аудандық ауруханаға жатқызылды», делінген хабарламада.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!