Ақмола облысында жас жігітті ұрлап кеткен күдіктілер ұсталды

Фотография - Ақмола облысында жас жігітті ұрлап кеткен күдіктілер ұсталды

Ақмола облысының Бурабай ауданында Ақмола облысында жас жігітті ұрлап кеткен күдіктілер ұсталды.

136 0

Ақмола облысының Бурабай ауданында Ақмола облысында жас жігітті ұрлап кеткен күдіктілер ұсталды.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

"Бурабай аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне зардап шегушiнің әпкесі хабарласып,  өзінің бауырын белгісіз 2 жігіттің күштеп көлікке отырғызып алып кеткенін айтып, шағымданған.

Жедел-іздестіру шарасы барысында аталған көлік қаладан шыға берісте тоқтатылып, күдіктілер қолға түсті.

Күдіктілердің айтуынша, олар жігітпен сөйлеспек болып,  көлікке сүйреп отырғызған көрінеді.  Сонымен қатар,  олардың зардап шегушiні көліктің ішінде ұрғаны анықталды. Осыған дейін бірнеше күн бұрын зардап шегушi мен күдіктілердің бірінің арасында кикілжің орын алған. Күдікті бұл қақтығысты достарымен қосылып, осылайша, шешпек болған.

Қазіргі кезде,  аталған оқиғаға байланысты ҚР ҚК 122-бабының 2- бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып,  күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылды", - деп көрсетілген хабарламада.


ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!