Қарағанды полициясы құлақ кесілген жалған өлтіруді түсірген

Фотография - Қарағанды полициясы құлақ кесілген жалған өлтіруді түсірген

Сурет Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінен

Полицияның түсірілімі детективті триллерді еске салады

790 0

Қарағанды полицейлері ер адамды ақша төлеп өлтіру қойылымын бейнеге түсірді, деп жазады Today.kz. Естеріңізге салсақ, 19 желтоқсанда құқық қорғаушылар пәтер үшін туысын өлтіруге адам жалдаған әйелді ұстаған болатын.

Бейнебаян бюджеті аз детективті киноны еске салады. Қарағанды облысы ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы қызметкерлері жергілікті тұрғынның өлтірілуінің дәлелін "дайындауда". Тапсырысты орындаушы ретінде полицей ойнаған. Көріністерде зардап шегушінің кеудесіне пышақ салып, оны өлі ретінде көрсетеді. Ал, қан орынан томат шырыны мен кетчуп пайдаланады.

Баспасөз қызметінен мұның алдында хабарлағандай, Қарағанды тұрғыны өз туысын өлтіруге 400 мың теңгеге "тапсырыс" берген. Оның үстіне әйел дәлел ретінде ер адамның құлағын әкеп беруін талап етіп, алдын ала 50 мың теңге төлеген. 54 жасар тапсырыс берушіні ақша беру кезінде ұстаған. Тергеу барысында бұндай әрекетке баруына себеп туысының пәтері болған.

Қылмыспен күрес басқармасы қызметкерлері құлақтың муляжын тауып, ал, ІІД баспасөз қызметі өлтірудің жалған суреттері мен бейнеролигін даярлаған. Кейін бұл тапсырыс берушіге дәлел ретінде ұсынылды.






Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!