Журналист Бота Жұманованы соққыға жыққан қылмыскер үш жылға сотталды

Фотография - Журналист Бота Жұманованы соққыға жыққан қылмыскер үш жылға сотталды

Қылмыскер жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді

244 0

22 жасар Алматы облысының тұрғыны Өркен Мырзахан журналист Бота Жұманованы соққыға жыққаны ұшін жалпы режимдегі колонияда үш жылын өткізеді, деп жазады Today.kz. Жазаның өтелу мерзімі 2015 жылдың 25 қананынан бастап есептеледі.

"Өркен Мырзахан ҚР ҚК 191-баптың 2-тармағы 1-тармақшасы "Зардап шегушінің өмірі мен денсаулығына заласыз күш қолдану арқылы тонау" және 24-баптың 3-тармағы "Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу" бойынша айыпты деп танылды және мүлкін тәркілей отырып, жалпы режимдегі колонияға үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылсын", - деп шешім оқылды.

Сот Бота Жұманованың 2,5 миллион теңге көлеміндегі өтемақы төлеу туралы арызын қанағаттандырмады. Оның орнына Бота Жұманованың пайдасына сотталушыға 81 006 теңге материалдық және 19 820 теңге моральдық шығын ретінде айыппұл тағайындады. Аталған төлем шешім шыққанан кейін екі ай ішінде төленуі тиіс.

Естеріңізге салсақ, Бота Жұманова 8 қазан күні Алматыда үйінің алдында соққыға жығылған болатын. Шабуылға күдікті Өркен Мырзахан қазанның 25 күні ұсталған.

Кейін тергеу барысында күдікті Жұманованы басқа қызбен шатастырғанын айтты. Мемлекеттік айып айыпталушыға мүлкін тәркілей отырып, жалпы режимдегі колонияда бес жылға бас бостандығын айыру жазасын сұраған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!