Ақмола облысында 52 жастағы ер адам әйелін қызғаныштан пышақтап өлтірді

Фотография - Ақмола облысында 52 жастағы ер адам әйелін қызғаныштан пышақтап өлтірді

Үй иесі өзінен 19 жас кіші әйелінің жұмыстан кеш қайтқанына наразы болса керек

414 0

Ақмола облысы  Жақсы ауданының 52 жастағы тұрғыны әйелін қызғаныштан пышақтап өлтірді.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі қайғылы оқиға 19 желтоқсан күні Жақсы аулында орын алған. Бұл туралы аудандық аурухананың жедел жәрдем қызметінің фельдшері хабарлаған.

Тергеу амалдары барысында анықталғандай, Жақсы ауылындағы ЖШС бірінің басшысы болып жұмыс істейтін 52 жастағы ер адам өз үйінде әйелімен ұрысып қалған. Үй иесі өзінен 19 жас кіші әйелінің жұмыстан кеш қайтқанына наразы болса керек. Екеуі туындаған отбасылық жанжал төбелеске айналып,  соңында отағасы әйеліне жүрек тұсына пышақ салады.  Алған ауыр жарақаттан әйел сол жерде көз жұмған.

"Қазіргі кезде,  аталған оқиғаға байланысты ҚР ҚК 99-бабының 1- бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ,  бұл отбасы 19 жастағы ұл мен кәмелеттік жасқа толмаған 3 қызды тәрбиелеген. Тағы бір айта кетерлігі,  отағасы өзі де бала кезінде үш қарындасымен жетім қалған көрінеді.  Дәл осылай оның әкесі де анасын ұрып өлтірген", - деп түсіндірді ІІД баспасөз қызметінен



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!