Алматыда соққыға жығылған жедел жәрдем дәрігері комадан шықты

Фотография - Алматыда соққыға жығылған жедел жәрдем дәрігері комадан шықты

Дәрігерлердің болжамынша, ер адам жарақатының салдары ұзаққа қалмақ

622 0

Алматыда бірнеше аптадан кейін бұзақының қолынан зардап шеккен жедел жәрдем қызметкері Наркескен Сейсенбаев есін жиды, деп жазады Today.kz №7 қалалық аурухананың дәрігерлеріне сілтеме жасай отырып.

"Жағдайы қалыпты болуы мүмкін емес. Комадан шықты, бөлімге ауыстырылды. Ол есін жиды, алайда, салдары бәрібір қалады", -  дейді дәрігерлер.

Естеріңізге салсақ, 26 қарашада Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасалды. "Таугүл" ықшамауданындағы шақыртуға барған дәрігер Наркескен Сейсенбаев пен оның әріптесіне ішіп алған адам шабуыл жасаған. Бұзақы дәрігерді бетонның сынығымен басынан ұрған. Екі дәрігер де ауруханаға түскен болатын.

Дәрігерлерге шабуыл жасады деген адам ұсталды. 38 жасар ер адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданды. ҚР ҚК 106-бабының 2-тармағы "Денсаулыққа әдейі ауыр зардап келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!