Жолда жақсылық жасамақ болған Алматылық ауыр жарақат алды

Фотография - Жолда жақсылық жасамақ болған Алматылық ауыр жарақат алды

Троллейбусты итеріп жатқан жігітті көлік қағып кетті

488 0

Алматыда жолда жақсылық жасаған жігіт ауыр жарақат алды. Жайсыз оқиға жайлы Today.kz тілшісіне куәгер айтып берді.

Жол оқиғасы өткен түнде Орталық стадион маңында орын алды. Бір топ жігіт маневрды дұрыс орындай алмай, Абай көшесінде көлденең тұрып қалып, тоқтан ажырап қалаған троллейбуске көмектеседі. Жас жігіттер ауыр көлікті итере бастайды. Кептеліс туындаған жерден жеңіл көлік өтіп кетеді, артынан Toyota Sequoia маркалы көлік те қозғалады. Жігіттер рөлдегі әйелге троллейбусты қозғалтпаса, көлік өте алмайтынын түсіндіреді. Алайда әйел адам жүрісті жалғастырып, троллейбусты итеріп жатқан жігітті қағып кетеді. "Оның аяғы қатты қисайып кетіп, ол қатты айқайлап жіберді", - дейді куәгер.

Жүргізуші баласының тосып тұрғанын айтып,  оқиға орнынан жасырынбақ болады, алайда тұрғындар оны жібермейді және полицияны шақырады. Өтіп бара жатқан жедел жәрдем зардап шегушіге көмек береді. Оның аяғын шина салып, шокқа қарсы егу жасайды. Қасындағылар үстеріндегі киімді шешіп, жігіттің астына төсеген. Ал кінәлі әйел тіпті көлігінен шықпай қойған және көлікте отырып, байланысы арқасында "оған еште болмайтынын" айтқан. "Ұлдар жабыла троллейбусты итеріп, қалжыңдап өзара күліп оған жол ашып беріп жатқан, енді осындай қайғыны қарасаңызшы", - деп налыды куәгер.

Оқиғаны тергеумен полиция қызметкерлері айналысуда.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!