Өкшебаев жымқыру ісі тапсырыс сипатына ұқсайтынын айтты

Фотография - Өкшебаев жымқыру ісі тапсырыс сипатына ұқсайтынын айтты

Алматы метросының бұрыңғы директоры қатты толқудан сөзін аяқтай алмады

279 0

Алматының Медеу ауданындағы №2 сотында Алматы метросының бұрынғы директоры Мұрат Өкшебаевтың ісі аяқталуға жақын, деп жазады Today.kz. 24 желтоқсанда күдікті мен өзге де айыпталушылар соңғы сөздерін айтты.

Өз сөзінде Мұрат Өкшебаев Алматы метросын салуға 22 жылын арнағанын және осы уақыт бойы "заң шеңберінде" қызмет еткенін айтады.

"Жер асты құрылысындағы 37 жылдың 22 жылы алматы метрополитетін салуға кетті. Осы уақыт бойы бюджет қаржысына ғана жұмыс істедік. Мен мұның не екенін, оны жұмсауда қандай қатаң бақылау болатынын білемін. Сондықтан барлық ісіміз заң аясында жүрді. Сол себепті қол астымдағыларға тапсырма бергенде заңды қызмет талап еттім. Осы 22 жыл бойы мен адал еңбек еттім – қала басшылығы мен елдің сенімін ақтауға тырыстым. Елбасы жүктеген істі лайықты атқардық. Метрополитенді уақытында өткіздік және ол осы уақытқа дейін істеп тұр", - деді Өкшебаев соңғы сөзінде және мүмкіндік болса "жақсы білетін және істей алатын ісін сөзсіз жалғастыр едім" деп атап өтті.

Сонымен бірге, ол барлық айыптың пайымдау мен жаладан құралғанын айтып, оның тағдырына алаңдаушыларға алғысын білдірді. Өкшебаев соттың тапсырыс сипатында болып жатқандығына ұқсайтынын айта кетті. Ол соттан әділ шешім шығаруын сұрады да қатты толғаныстан сөзін аяқтай алмады. Кейін оның адвокаты оның денсаулығы нашар екендігін жеткізді.

Судья кеңес бөлмесіне кетті. Сот шешімі бүгін 15:30-да жария етіледі.

Айта кетейік, тағылған айыптар бойынша айыпталушылар мүлкі тәркілене отырып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!