Жаңаөзенде Opel Vectra көлігінің жүргізушісі ер адамды қағып кетті

Фотография - Жаңаөзенде Opel Vectra көлігінің жүргізушісі ер адамды қағып кетті

Жаяу жүргінші алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған

323 0

Жол-көлік оқиғасы "Шаңырақ" шағынауданындағы "Мөлдір" сауда үйіне қарама-қарсы жерде орын алған.

Құқық қорғау органдарының мәліметтерінше, Opel Vectra көлігінің рулінде Жаңаөзеннің 21 жастағы тұрғыны болған. Оның айтуынша, ер адам жолға кенеттен шыға келіп, көлік дөңгелегінің астына түскен.

Жаяу жүргінші алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған, тірі болғанда бүгін 34 жасқа толар еді.

Жол-көлік оқиғасының фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, деп жазады lada.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!