Сот Өкшебаевты тоғыз жылға бас бостандығынан айырды

Фотография - Сот Өкшебаевты тоғыз жылға бас бостандығынан айырды

Мемлекеттік айып айыпталушыны сегіз жылға кесуді сұраған

425 0

Алматының №2 Медеу аудандық сотында Алматы метрополитетінін алғашқы легін салудағы миллиардтаған қаржыны жымқырутуралы іс бойынша шешім шықты, деп жазады Today.kz. алматы метрополитенінің экс-директоры Мұрат Өкшебаев мүлкі тәркілене отырып,  тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды және бес жыл бойы мемлекеттік жұмыста істей алмайды.

"ҚР ҚК 49-бабына сәйкес ҚР Президентіне Өкшебаевты "Құрмет" орденінен айыру туралы ұсыныс жасалсын, - деп оқыды шешімді судья Фарух Омаров.

Өкшебаевтың орынбасары Ербол Қалдыбаевты тағылған барлық айыптар бойынша кінәлі деп танып, мүлкі тәркілене отырып,  сегіз жылға бас бостандығынан айырылды және бес жыл бойы мемлекеттік жұмыста істей алмайды.

"СредАзЭнергоСервис" мердігерлік ұйымның жетекшісі Константин Антипов мүлкі тәркілене отырып,  сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен бірге, сот прокурордың сотталушылардың 2,5 миллард теңгені қайтару туралы сұранысын қанағаттандырды.

Адвокаттар шешімді қайта қарастыруын сұрамақ.


Тегтер:

Өкшебаев сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!